Бейсқали Толқын Ермекқызы

    Мәслихат төрағасы

    Бейсқали Толқын Ермекқызы
    Мәслихатының төрағасы

    Бейсқали Толқын Ермекқызы

    Мәслихат төрағасы

    Өмірбаян

    Бейсқали Толқын Ермекқызы – 1967 жылы 11 сәуірде Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосында дүниеге келген.

    1983 жылы Н.К.Крупская (қазіргі Х.Досмұхамедұлы) атындағы орта мектепті аяқтап, Атырау педагогика институтына қабылданды. 1988 жылы аталған институтты математика және физика пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте аға тәлімгер және математика пәнінің мұғалімі болып бастады.

    1990-1991 оқу жылынан бастап Б.Аманшин атындағы орта мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2002 жылдың 14 қаңтарынан аталған мектептің директоры бола жүріп, аудандық мәслихаттың депутаттығына сайланды.

    2003 жылдан ІІІ, ІV, V, VІ шақырылған Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты, әрі хатшысы болып сайланды.

    2021 жылы ақпан айынан бастап, «AMANAT» партиясының Қызылқоға аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметінде болды.

    2023 жылдың 30 наурызынан бастап, VIII шақырылған Қызылқоға аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Отбасылық жағдайы: Отбасында жолдасы, 3 баласы бар.

    Жетістіктері:

    — Еңбек еткен жылдарында «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2014);

    — ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2012);

    — «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен (1999)

    — «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10жыл»(2001);

    — «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» (2004);

    — «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011);

    — «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» (2014);

    — «Атырау облысы мәслихаттарына 25 жыл» (2019);

    — Мерекелік медалдарымен;

    — «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алғыс хатымен (2008ж);

    — «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамотасымен(2014);

    — Облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен (2009ж);

    — «Құрмет» орденімен (2025);

    — Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды;