
Баяхатов Артур Мақашұлы
Теректі ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Өмірбаян
Баяхатов Артур Мақашұлы 1983 жылы дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 2004 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін «Кеден ісі», 2006 жылы «Евразия» Батыс Қазақстан тілдер және басқару институтын «Мемлекеттік басқару бакалавры», 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі», 2016 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Құрылыс бакалавры» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде жетекші, бас маманы болып бастады.
2007-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында бас маман;
2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық орталығы директорының орынбасары;
2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылыс және жол көлік мәселелері жөніндегі бас инспекторы;
2013-2019 жылдың қыркүйек айы - Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.
2019 жылдың қазан айында Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.