Дюсупова Жанар Амангелдіқызы

    Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы

    Дюсупова Жанар Амангелдіқызы
    Бөлім басшысы

    Дюсупова Жанар Амангелдіқызы

    Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Дюсупова Жанар Амангельдиевна 1970 жылдың 11 маусымында Гурьев қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1976 жылы Гурьев қаласындағы №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебіне қабылданып, 1987 жылы бітірді.

    1987 жылы Целиноград финанс – экономикалық техникумына түсіп, 1989 жылы қаржы мамандығы бойынша, 1991 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетіне түсіп, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару Академиясын экономист мамандығы бойынша бітірді.

    1989-1990 жылдары Гурьев қалалық қаржы бөлімінің штат бөлімінің ревизор инспекторы қызметін атқарды;

    1990-1991 жылдары Балықшы аудандық қаржы бөлімінің штат бойынша II категориялы ревизор инспекторы қызметін атқарды;

    1991-1992 жылдары Балықшы аудандық қаржы бөлімінің басқару аппаратын қаржыландыру бойынша аға экономисті қызметін атқарды;

    1992-1994 жылдары Атырау облыстық қаржы басқармасының басқару аппараты және әкімшілік органдарды қаржыландыру бөлімінің аға экономисті қызметін атқарды;

    1994-1996 жылдары Жылыой ауданы қаржы бөлімінің басқару аппараты және әкімшілік органдарды қаржыландыру бойынша аға экономисті қызметін атқарды;

    1996-2005 жылдары Жылыой ауданы қаржы бөлімінің басқару аппараты және әкімшілік органдарды қаржыландыру бойынша бас экономисті қызметін атқарды;

    2005-2007 жылдары Жылыой ауданы қаржы бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды;

    2007-2013 жылдары Жылыой ауданы қаржы бөлімінің бастығы қызметін атқарды;

    2013 жылдың 1 қарашасынан бастап Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

    Отбасылы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері