
Өмірбаян
Сейденов Тасболат Сейітқалиұлы, 1969 жылы 15 сәуірде Целиноград облысы, Есіл ауданы, Дальний ауылында дүниеге келген, Раздольное ауылындағы сегіз жылдық орта мектепті бітіргеннен кейін Есіл қаласының 61-ші ҚПТУ-ға оқуға түсті.
1987 жылдан 1989 жылға дейін КСРО Қарулы Күштерінде қызмет етті.
2003 жылы Астана қаласының экономика-заң колледжін бітірген.
2009 жылы Көкшетау университетін бітірген.
Үйленген, екі ересек баласы бар.
Өзінің еңбек жолын 1990 жылдан бастап жүргізуші ретінде астық шаруашылығы Дальнийден бастаған. 1998-2017 жылдары ҚР ІІО-да қызмет атқарды. 2017 жылдан 2018 жылға дейін «Ғарыш» ЖШС қауіпсіздік қызметінің бастығы, 2018 жылдан 2021 жылға дейін Есіл станциясындағы ӘТЖК СК бастығы, 2023 жылдан 2025 жылдың шілдесіне дейін Астана қаласындағы филиал Аграрлық несие корпорациясының қауіпсіздік жөніндегі маманы болып жұмыс істеді, 2025 жылдың 18 шілдесінен бастап Красногорский кентінің әкімі лауазымына тағайындалды.