Айткалиев Азамат Серикбаевич

    Атырау облысы Ветеринария басқармасының басшысы

    Айткалиев Азамат Серикбаевич
    Руководитель управления

    Айткалиев Азамат Серикбаевич

    Атырау облысы Ветеринария басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    2001 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2006 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетін «Ветеринарлық-санитарлық дәрігер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институтына оқуға түсіп, 2008 жылы Орал қаласындағы «Еуразия» академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бакалавры біліктілігі бойынша аяқтап шыққан.

    Еңбек жолын 2006-2007 жылдары Атырау қаласында «Арғын-ВСЭ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ветеринарлық дәрігер болып бастаған. 2008-2010 жылдары Атырау облысы Құлсары қаласында «Сағыз и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде іс жүргізуші маман болып қызмет атқарған. 2010-2011 жылдары Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінде бас маман, 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясында жетекші маман және бас маман, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор қызметтерінде болған. 2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақат аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, Мақат ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы лауазымында және 2015-2016 жылдары Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы лауазымдарында болды. 2016-2017 жылдары Атырау облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасында басқарма басшысының орынбасары және 2017-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасында бас маман қызметтерінде болды.
    2018 жылдың 18 маусымынан бастап Атырау облысы әкімдігі Ветеринария басқармасының басшысы, Атырау облысының Бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері лауазымында.

    2014 жылы Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы және қайта өңдеу ұйымдары Орталық комитетінің салалық наградасы I дәрежелі «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» төс белгісімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері