
Ғұбашев Әділжан Исатайұлы
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысы
Өмірбаян
Ғұбашев Әділжан Исатайұлы 1975 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1998 жылы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «автоматика және техникалық жүйелерде басқару», 2006 жылы – Каспий қоғамдық университетін «заңтану», 2012 жылы – Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «есеп және аудит» мамандықтары бойынша бітірген.
1999-2009 жылдары Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет атқарды,
2010-2016 жылдары Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары болып қызметтер атқарған,
2016-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы,
2018 жылдың 20 наурызынан бастап Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары,
2022-2025 жылдары Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысының орынбасары,
2022 жылдың 20 қаңтарынан бастап Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысы.