
Өмірбаян
Сосенко Валерий Михайлович, 1961 жылы 18 қаңтарда туылған, Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровское ауылының тумасы.
1978 жылы №2 Боровской орта мектебін бітірген. 1979 жылдан 1981 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.
Білімі-жоғары. 1987 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын зооинженер мамандығы бойынша бітіріп, Боровской совхозына жіберіліп, сол жерде 9 жылдан астам зоотехник болып жұмыс істеді.
1996 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді.
Үйленген. Екі баласы, төрт немересі бар.




