
Өмірбаян
Изимова Гүлшара Нәдірқызы 1971 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында дүниеге келген. Ұлты –қазақ.
Білімі- жоғары. 1995 жылы Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.
2004 - 2008 жылдары Тасшағыл орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2010-2013 жылдары директордың бастауыш сыныптар оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
2013 – 2020 жылдары Тасшағыл орта мектебінің директоры қызметін атқарды.
2020 жылдың мамыр айынан бастап Тасшағыл ауылдық округі әкімі лауазымын атқарып келеді.
2000 жылдан бері «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі.
Отбасылы.




