Жексенов Мағжан Абызұлы

    Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округ әкім аппараты

    Жексенов Мағжан Абызұлы
    Аким

    Жексенов Мағжан Абызұлы

    Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округ әкім аппараты

    Өмірбаян

    Жексенов Мағжан Абызұлы 1972 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

    Білімі – жоғары. 1995 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1995 жылы Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте мұғалім болып бастайды.

    2000 жылдың қыркүйек айынан 2001 жылдың тамыз айы аралығында аудандық білім бөлімінде бас маман;

    2001 жылдың тамыз айынан 2006 жылдың ақпан айы аралығында Миялы орта мектебінде мектеп директоры;

    2006 жылдың наурыз айынан 2009 жылдың қаңтар айына дейін Қаракөл орта мектебінде мектеп директоры;

    2009 жылдың қаңтар-тамыз айларында №1 негізгі мектепте мектеп директоры;

    2009 жылдың тамыз айынан 2011 жылдың қазан айы аралығында Ш.Еркінов атындағы орта мектепте мектеп директоры;

    2011 жылдың қазан айынан 2017 жылдың наурыз айы аралығында аудандық әдістемелік орталықта меңгерушінің орынбасары, меңгеруші қызметтерін атқарды.

    2017 жылдың наурыз айынан бастап Ойыл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.

    2004 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

    Отбасылы.