Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызы

    Басқарма басшысы

    Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызы
    Руководитель управления

    Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    Г.Р.Сүйінтаева 28 ақпанда 1964 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, Алматы менеджмент университетін тәмамдаған. Мамандығы – экономист, іскерлік әкімшілік магистрі.

    Еңбек жолын 1993 жылы Ақтөбе қалалық денсаулық сақтау бөлімінің есепшісі қызметінен бастады. Әр жылдары Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас есепшісі, Медициналық қызметтерге төлем жасау орталығының облыстық бөлімшесінің директоры, ҚР денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінде бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алу және инвестициялық бағдарламаларды талдау басқармасының бастығы-бас бухгалтері, Ақтөбе облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар басқармасы бастығының орынбасары, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК қаржы-экономикалық талдау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы - бас бухгалтері, ұйымдастыру-экономикалық жұмыстар бойынша директордың орынбасары, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің экономика және қаржы департаменті есеп-қисап және қаржыландыру басқармасының бастығы, департамент директоры, «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК ұйымдастыру-экономикалық мәселелері бойынша бас директорының орынбасары, «СК-Фармация» ЖШС қаржылық талдау бөлімінің бастығы, Экономика және қаржы департаментінің директоры, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің меңгерушісі (А корпусы), Ақтөбе облысының қаржы басқармасының басшысы болып қызмет атқарды. 2018 жылғы тамыздан бастап қазіргі таңға дейін Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып еңбек етуде.

    Еңбек жолындағы қызметін адал және нәтижелі атқарғаны үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгілерімен және т.б. мерекелік марапаттауларға ие болды. «Нұр Отан» партиясының, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі.