
Өмірбаян
Лямбеков Арман Сапаргалиевич 1970 жылы 2 наурызда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарақаралы қаласында дүниеге келген.
1999 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген, инженер-механик.
2016 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақстан аграрлық техникалық университетін аяқтады, агрономия бакалавры.
Еңбек жолын 1994 жылы Қарқаралы ауданының ІІБ экология милициясының инспекторы болып бастаған.
1998 - 1999жж. - Қарқаралы қаласындағы «Каркаралинское АТП» АҚ кезекші механик.
1999-2001жж. - Саран қаласындағы, Қарағанды облысы мемлекеттік өртке қарсы қызметінің ПЧ-28 өрт бөлімнің мем. өрт бақылау инспекторы
2002-2005жж. - Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімі аппаратының бас маманы.
2005-2006жж. -Қарағанды облысы ауыл-шаруашылық Департаментінің бас маманы.
2006-2007жж. - Қарағанды облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі-бас маман.
2007-2009жж. -Қарағанды облысы әкімі аппаратының бақылау және наградалар бөлімінің бас маманы.
2009-2010 жж. - Қарағанды облысы әкімі аппаратының бас инспекторы.
2010-2013жж. - Қарағанды облысы әкімі аппаратының АӨК және табиғат пайдалану бөлімінің меңгерушісі.
2013-2020 жж. - Қарағанды облысы әкімі аппаратының АӨК дамыту бөлімінің басшысы.
2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап «Қарағанды облысының жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-нің басшысы.




