Тоқжанов Марат Лұқпанұлы

    Бәйтерек ауданы әкімі

    Тоқжанов Марат Лұқпанұлы
    Аким

    Тоқжанов Марат Лұқпанұлы

    Бәйтерек ауданы әкімі

    Өмірбаян

    Марат Тоқжанов 1965 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Білімі - жоғары, Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясы мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі», «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

    Тағайындалған күні: 21.03.2020

    Еңбек жолын 1990 жылы Сәтбаев қаласындағы мектеп-интернатының мұғалімі болып бастаған.
    Әр жылдары:
    − Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының саяси тарих кафедрасының ассистенті, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің археология институтының аға ғылыми қызметкері.
    − Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, бөлім басшысы;
    − ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мемлекеттік материалдық қор бойынша комитетінің бөлімінің басшысы;
    − ҚР Әділет министрлігінің ішкі әкімшілендіру департаментінің бақылау бөлімінің басшысы;
    − Теміртау қаласындағы әділет басқармасының басшысы;
    − Орал қаласы әкімінің орынбасары;
    − БҚО Шыңғырлау ауданының әкімі;
    − БҚО білім басқармасының басшысы, БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы;
    − БҚО әкімі аппаратының басшысы;
    − БҚО әкімінің орынбасары;
    − ҚР кәсіподақ ұйымдары федерациясы басшысының орынбасары;
    − Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған.

    2020 жылдың 21 наурызынан Бәйтерек ауданының әкімі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері