
Болатбекұлы Досжан
Аудандық білім бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Досжан Болатбекұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген.
2007–2011 жылдары Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде, 2011–2014 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде білім алған.
Еңбек жолын 2011 жылы Атырау қаласындағы №3 орта мектепте шеберхана меңгерушісі болып бастаған.
Әр жылдары №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназиясында тәлімгер, мұғалім, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
2017–2020 жылдары Атырау қаласындағы №28 орта мектептің директоры;
2020–2024 жылдары №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназиясының директоры;
2024 жылдан бастап осы уақытқа дейін Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының директоры қызметін атқарды.




