
Өмірбаян
Жылыой ауданының әкімі болып Қаражанов Жұмабек Байрақбайұлы тағайындалды Ж.Б.Қаражанов 1989 жылы Атырау облысында туған. 2011 жылы Қазақстан-Британ Техникалық университетін, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдап, экономика және бизнес бакалавры, экономика және бизнес магистрі мамандығын алған. Тағайындалғанға дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс жасаған.
Отбасылы
2011-2012 жылдары «Жасұлан және Компания» ЖШС-де экономист болып жұмыс істеді.
2012-2014 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ әр түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.
2014-2017 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекет бюджеттері мен активтерін бақылау № 3 бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2017-2018 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ сапаны бақылау, ішкі аудит, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы.
2018-2019 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ аппаратының басшысы.
2019 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдың 22-шы маусымнан бастап Атырау облысы, Жылыой ауданының әкімі болып тағайындалды.



