
Досжанов Асылулан Турсунович
Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы
Өмірбаян
Досжанов Асылулан Турсунович – 1983 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Орал Еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «халықаралық деңгейдегі экономист» және «заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бас маманы;
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы кадрлармен қамтамасыз ету бөлімнің бастығы;
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі;
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі – басқарма басшысының орынбасары;
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі – департамент басшысының орынбасары;
– Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс жасады.
– Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
– Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымында.
