
Аманжанов Төлеухан Теміржанұлы
Мақат ауданы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Төлеухан Теміржанұлы 1994 жылы 1 қаңтарда Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2016 жылы Мұқыр ауылдық округінің әкімі аппаратында қызметкер болып бастаған.
2016-2018 жылдар аралығында Мұқыр ауылдық округінің әкім аппаратында бас маман;
2019-2021 жылдар аралығында Қызылқоға ауданы әкімінің аппаратында кадр жұмысы және персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы;
2021-2023 жылдар аралығында Қызылқоға ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы;
2023-2024 жылдары Мақат ауданы әкімі аппаратында персоналды басқару бөлімінің басшысы;
2024 жылы Мақат ауданы әкімі аппаратында ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы;
2024-2025 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы;
2025 жылдың шілде айынан бастап осы уақытқа дейін Атырау облысы әкімі аппаратының өңірлік даму және мониторингілеу бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келді.


