Мадияров Ербулат Аканович

    Директор Государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения «Теплосервис»

    Мадияров Ербулат Аканович
    Директор

    Мадияров Ербулат Аканович

    Директор Государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения «Теплосервис»

    Өмірбаян

    Ербулат Аканович Мадияров, 1965 жылы туған, білімі бірінші орта-арнайы, екінші жоғары. 1984 жылы Целиноград автожол техникумын жол құрылысы мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1984 жылы Целиноград жүк АВТО басқармасының Ерейментау АКЭК 4-разрядты темір ұста болып бастаған.

    1985-1987 жылдары – КӘ қарулы күштерінде қызмет еткен.

    1994 жылы Ақмола инженерлік-құрылыс институтын Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірген.

    1984 жылдан 1985 жылға дейін – № 36 жол-құрылыс басқармасында 5-разрядты темір ұста болып жұмыс істеді.

    1988 жылдан 1990 жылға дейін - № 36 жол-құрылыс басқармасының 3-разрядты операторының көмекшісі болды.

    1991 жылдан 1998 жылға дейін - Ерейментау ТБКЗ шебері, кейін бас инженер болды.

    1998 жылдан 2012 жылға дейін – «Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ бас маманы, ал 2009 жылдан бастап Ерейментау ауданының ТЖ бөлімінің бастығы.

    2013 жылдан 2015 жылға дейін – «Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы.

    2015 жылдан 2016 жылға дейін – Ерейментау ауданы әкімдігі жанындағы шаруашылық жұмысына құқық алған «Жылусервис» коммуналды мемлекеттік кәсіпорнының директоры.

    2018 жылдың 01 қазанынан – Ерейментау ауданы әкімдігі жанындағы шаруашылық жұмысына құқық алған «Жылусервис» коммуналды мемлекеттік кәсіпорнының жабдықтау жөніндегі инженері.

    2018 жылдың 08 қазанынан бастап қазіргі уақытқа дейін – кәсіпорын директоры.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері