Құрманова Гүлзия Өтемұратқызы

    Басқарма басшысы

    Құрманова Гүлзия Өтемұратқызы
    Руководитель управления

    Құрманова Гүлзия Өтемұратқызы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    1977 жылы Гурьев қаласында дүниеге келген. Ұлты – Қазақ.

    1999 жылдың қараша айынан бастап еңбекке араласқан.

    1999-2000 жылы Атырау қаласындағы №4 Кәсіптік – техникалық мектебінде өндірістік шебері болып қызмет еткен.

    2000-2002 жылдары Атырау қаласындағы №1 Кәсіптік-техникалық лицейінде өндірістік шебері қызметін атқарған.

    2002-2005 жылдары Махамбет селосындағы Махамбет аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру комитетіне бас маман болып қызмет атқарған.

    2005-2006 Махамбет аудандық жер ресурстарын басқару бөлімінде бас маман болып қызмет еткен.

    2006-2010 жылдары Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімінде бас маман болып ауыстырылған.

    2010-2012 жылдары Атырау облысы Жер қатынастары басұармасында бас маман болып қызмет атқарған.

    2012-2015 жылдары Осы басқарманың жер учаскесін беру және қайтарып алу бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

    2015-2016 жылдары Атырау облысы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

    2016-2017 жылдары басқарманың жерді есепке алу және жер қатынастарын реттеуді үйлестіру бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

    2017 жылдың шілде айынан бастап Атырау облысы Жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері