
Өмірбаян
Ардақ Әбдіғаппарұлы 1986 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай, газ кен орындарын игеру және пайдалану», «Болашақ» университетін «Құқықтану», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және Қызылорда гуманитарлык университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Казгермұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженері ретінде бастаған.
Әр жылдары мұнай және құрылыс компанияларында басшылық қызметтер атқарды.
2019-2020 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің аппараты персоналды басқару қызметі (кадр жұмысы) бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің кеңесшісі.
2020-2022 жылдар аралығында Белкөл кентінің әкімі.
2022-2023 жылдары аралығында «Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» мекемесінің директоры қызметін атқарып келді.
2023 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2023 жылдың 11 қазанынан бастап Жалағаш ауданының әкімі.



