
Өмірбаян
1973 жылы 30 қазанда Қарағанды облысы Нұра ауданы Киевка ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды кооперативтік институтын бітірді.
Еңбек жолы 1996 жылы Теміртау қалалық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің әлеуметтік қызметкері ретінде басталды. 1996 жылдың 03 маусымынан 1997 жылдың тамызына дейін Теміртау қалалық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде әлеуметтік қызметкер ретінде, тұрғын үй жәрдемақысын төлеу бөлімінде маман болып жұмыс істеді. 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Осакаровка кентінде әлеуметтік салада жұмыс істейді: Халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекші маманы, 1999 жылдан бастап ауыстыру тәртібімен бас маман, 2003 жылдан бастап Еңбек және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, 2006 жылдан 2011 жылға дейін Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, 2011 жылдан 2014 жылға дейін "Осакаров ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ директоры. 2014 жылдан бастап осы уақытқа дейін Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады. Жалпы жұмыс өтілі 27 жыл, оның ішінде 23 жыл жұмыспен қамту саласында қызмет еткен.
Тұрмыста. 2 бала тәрбиелеуде.
