
Өмірбаян
Айқын Қылышұлы Елеусізов 1986 жылы туған. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2011 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген.
Біліктілігі бойынша қаржы бакалавры, экономика магистрі.
Еңбек жолын 2007 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша қазынашылық департаментінде бас маман болып бастады.
2009-2013 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі халықаралық ынтымақтастық және транзиттік саясат департаменті транзиттік саясат басқармасының сарапшысы, халықаралық ұйымдар басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы және екіжақты ынтымақтастық басқармасының сарапшысы болып қызмет атқарды.
2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Экономикалық интеграция департаменті көлік және инфрақұрылым басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеді.
2016-2017 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы.
2017-2020 жылдары Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.
2020-2023жылдары Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
15.09.2023ж. Қаражал қаласының әкімі болып тағайындалды.



