
Өмірбаян
1973 жылғы 5 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. 2010 жылы Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар академиясын «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген.
02.08.1996-30.12.2017 жылдары – Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы қызмет, Павлодар облысы;
01.08.2012-09.07.2021 жылдары – «Адия» жеке кәсіпкерлігінің заңгері, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы;
27.07.2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің әкімі.




