
Өмірбаян
Кенжалин Сабит Муратович 1980 жылы 22 шілдеде Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Мәшһүр Жүсіп (Жаңажол) ауылында дүниеге келген.
Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2008 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын “Дене шыңықтыру және спорт” мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ұшқұлын ауылында орналасқан Ұшқұлын негізгі орта мектебінде дене шыңықтыру пәнінің мұғалімі ретінде бастады.
2001-2013 жылдар аралығында Майқайын кентінде орналасқан Майқайын №1 қазақ орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 2013-2014 жылдар аралығында тәрбие ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2014 жылдан бастап, 2021 жылдың мамыр айына дейін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы ЖОББМ-де басшы болып жұмыс істеді.
2021 жылдың мамыр айынан бастап, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылдық округінің әкімі.
Үйленген. Төрт бала тәрбиелеп, өсіріп отыр.




