
Өмірбаян
Пономарева Людмила Захаровна, 12 тамыз 1967 жылы туған. Белорус. Білімі жоғары. 2005 жылы З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2021 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылдың маусым айында мемлекеттік сақтандыру инспекторы ретінде бастады. 1998 жылғы қазан мен 2001 жылғы тамыз аралығында-аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктің диспетчерлік қызметінің маманы. 2001 жылғы тамыздан 2014 жылғы қаңтарға дейін – «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ маркетинг, қайта өңдеу, кадрлық және құқықтық қатынастар жөніндегі бас маманы. 2014 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында - Сарыкөл ауданы әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің бас маманы. 2014 жылдың наурыз айынан бастап аудан әкімі аппаратының кадр қызметінің басшысы.

