
Өмірбаян
1980 жылы 26 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Пионер ауылында туылған. 2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Қызыл жұлдыз ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман әскери-есеп жүргізушісі болып бастаған. 2008-2012 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, 2012 жылы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, 2012-2013 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2013-2016 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы, 2016-2018 жылдары Пионер ауылдық округінің әкімі, 2018-2022 жылдары Қарасу ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған. 2022 жылдың сәуір айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімі аппарат басшысы қызметін атқарып келеді.