
Хамитов Рафаэль Шариполлинович
Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
Білімі жоғары. 1998 жылы «Бюджет және бюджеттік есеп» мамандығы бойынша Семей қаржы-экономикалық колледжінің күндізгі бөлімін бітірген. 2001 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің сырттай бөлімін аяқтаған.
Еңбек жолын Зырян қалалық қаржы бөлімінің бас маманы қызметінде 1998 жылы маусым айында бастаған. Кейіннен Зырян ауданы қаржы бөлімінің жергілікті бюджеттік тәртібін бақылау секторының меңгерушісі және коммуналдық жеке меншік секторының меңгерушісі қызметінде жұмыс істеген. 2009 жылдың қараша айынан-2012 жылдың қыркүйек айы аралығында «Зырян ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы лауазымын атқарған. 2012 жылдың қазан айынан 2015 жылдың қараша айына дейін «Зырян ауданының қаржы бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды. 2015 жылдың 10 қазанынан 2016 жылдың шілдесіне дейін Зырян ауданы әкімінің орынбасары болды. 2017 жылғы қазан айынан «Зырян ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы болып қызмет атқарады.