
Шамшатов Асет Сайранбекұлы
"Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ
Өмірбаян
Шамшатов
Әсет Сайранбекұлы 1986 жылы Өзбекстан Республикасы, Новойы облысы, Тамды ауданы, Сөкітті ауылында дуниеге келген. 2005 жылы - Қаржы экономикалық университетінің колледжін, 2011 жылы – «КГТИ-Лингва» Орталық Қазақстан университетін бітірген. Мамандығы – есеп және аудит.
Жалпы еңбек өтілі 17 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметте 12 жыл.
Еңбек жолын 2008 жылы «Приозерск қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» ММ есепші болып бастаған. 2009-2013 ж.ж. «Приозерск қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" ММ бас есепшісі; 2013-2019 ж.ж. «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ бас маманы; 2019-2021 ж.ж. «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ сектор меңгерушісі; 2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Приозерск қалалық мәслихатының аппараты» ММ бюджет мәселелері бойынша бөлім басшысы болып жұмыс атқарған.