
Прокофьева Ирина Евгеньевна
Заместитель руководителя отдела
Өмірбаян
Ирина Евгеньевна Прокофьева Қарағанды облысы, Теміртау қаласында 1986 жылғы 6 наурызда туған. Ұлты – орыс.
2008 жылы КГТИ Лингва Орталық Қазақстан Университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
2010 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылдан бастап «Теміртау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы лауазымында бастады. 2015 жылы «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің экономикалық жоспарлау және инвестициялық саясат секторының меңгерушісі болып тағайындалды.
2017 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болып жұмыс істейді.
