
Касенова Рауза Ивановна
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» КММ басшысы
Өмірбаян
1965 жылы 1 қаңтарда Ресей Федерациясы, Омбы облысы, Крутинский ауданы, Чикишево ауылында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. Білімі — жоғары.
1985 жылы Омбы кітапхана техникумын кітапханашы мамандығы бойынша бітірді.
2007 жылы Көкшетау мемлекеттік университетін «қаржы бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Омбы облысы, Назаевск қаласындағы орталық аудандық кітапхананың оқу залының меңгерушісі болып бастаған.
2001-2003 жылдар аралығында — ҚР ҚК қызметшісі, Петропавл қалалық әскери комитетінің 1 бөлімшесі бастығының көмекшісі болып жұмыс істеді.
2003-2009 жылдары — СҚО М. Жұмабаев ауданы бойынша статистика басқармасының бас маманы.
2009-2015 жылдары — «СҚО М. Жұмабаева ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, кейін басшысы.
2016-2019 жылдары – «СҚО әкімдігінің дін істері басқармасы» КММ діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бөлімінің басшысы.
2020 жылдан — «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» КММ басшысы.