Аманбаев Марғұлан Топашұлы

    Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы

    Аманбаев Марғұлан Топашұлы
    Начальник

    Аманбаев Марғұлан Топашұлы

    Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы

    Өмірбаян

    Аманбаев Марғұлан Топашұлы 1973 жылы 20 қаңтарда Қарағанды ​​облысы, Жаңаарқа ауданы, Дружба ауылында дүниеге келген.

    1995 жылы Жезқазған тау-кен технологиялық институты, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты.

    Еңбек жолын 2000 жылдың маусым айында Астана қаласының мемлекеттік өртке қарсы қызметінде, №8 өрт сөндіру бөлімінде инженер болып бастады.

    2002 жылы Астана қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің № 8 өрт сөндіру бекетінің аға инспекторы қызметіне тағайындалды. 2003 жылдың мамыр айында Астана қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 8 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы. 2004 жылдың қаңтар айынан бастап Астана қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі №8 өрт сөндіру бекетінің аға инженері лауазымына тағайындалды.

    2004 жылы Астана қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №8 өрт сөндіру бекеті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

    2005 жылдың ақпан айында Астана қаласы бойынша «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Федералдық мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №8 өрт сөндіру бөлімінің бастығы.

    2005 жылдың маусым айында Астана қаласы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының Сарыарқа аудандық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.

    2006 жылы - Астана қаласының өртке қарсы қызмет департаменті Сарыарқа ауданы өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы.

    2008 жылы - Астана қаласының ТЖД "Сарыарқа" ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.

    2012 жылдың қараша айында Астана қаласы ТЖД "Алматы" ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.

    2014 жылы – Астана қаласы ТЖД "Алматы" ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы.

    2015 жылы - Астана қаласы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы.

    2016 жылы - Нұрсұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары.

    2020 жылы - Ақтөбе облысы ТЖД бастығы.

    2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары.

    ТЖМ 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 434 ж/қ бұйрығымен полковник Аманбаев Марғұлан Топашұлы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері