
Өмірбаян
Гүлнара Тұңғышбекқызы 1971 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Шымкент педогогика мәдениет институтының, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Білімі – жоғары. Мамандығы – кітапханашы-библиогроф, бастауыш оқыту педогогикасы мен әдістемесі бакалавры.
Өзінің еңбек жолында тігін фабрикасында тігінші, орталық кітапханасында кітапханашы, орта мектепте ұландар жетекшісі, аудандық білім беру бөлімінің кітап қорының әдіскері, мектеп кітапханашысы, аудандық білім беру бөлімінің кітап қорының маманы, аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің кітапхана қоры әдіскері, аудандық білім беру және спорт бөлімінің бас маманы, білім беру бөлімінің жетекші маманы, білім беру бөлімінің әдіскері, аудандық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі және кітапхана бойынша бас маманы міндетін атқарушы (арнайы тексеруге дейін), аудандық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі және кітапхана бойынша бас маманы, бөлім басшысы, Сайрам аудандық білім бөлімінің басшысы, Отырар аудандық білім бөлімінің басшысы, Сайрам ауданы әкімі аппаратының әкімшілік бөлімшесінің басшысы.
.





