
Өмірбаян
Данияр Курмангалиевич 1988 жылы туған.
Білімі жоғары, Заманауи гуманитарлық академиясын «экономика» мамандығы бойынша, Қазақстан - Ресей университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.
Жалпы еңбек өтілі - 13 жыл, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 11 жыл.
Әр жылдары «Майкубен-Вест» ЖШС жоспарлау бөлімінің экономисі, Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау, кәсіпкерлік, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің, Екібастұз қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру – бақылау бөлімінің бас маманы, «Alliance Pro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дамыту бөлімінің бастығы, Павлодар облысы Май ауданы әкімі аппаратының басшысы, Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары, басшысы лауазымдарын атқарды.