
Сатвалдинова Майя Ермековна
Руководитель отдела
Өмірбаян
Майя Ермековна Сатвалдинова1982 жылы 3 наурызда Павлодар облысы Ертіс ауданының Суворово ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Павлодар университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, 2007 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «педагогика және психология» мамандығы бойынша тамамдаған.
Майя Ермековна Сатвалдинова еңбек жолын 2002 жылы «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің маманы болып бастаған.
Солнечный поселкесі әкімі аппаратының бас маманы, Солнечный поселкесі әкімінің орынбасары, «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы, басшысы болып жұмыс істеген.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалғанға дейін «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
Майя Ермековна Сатвалдинова Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 15 ақпандағы өкімімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.