
Онсович Николай Брониславович
Қарағанды облысының білім басқармасы «Шахтинск қаласының білім беру бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
Николай Брониславович Онсович 1979 жылы Қарағанды облысы Шахтинск қаласында дүниеге келді. 2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Саясаттану, саясаттану пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша аяқтады. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңтану, заңгер» мамандығы бойынша аяқтады. Одан әрі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Тарих, білім бакалавры» мамандығы бойынша, сонымен қатар «Саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1999 жылы «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің аға маманы/ жетекші маманы болып бастады.
2000-2003 жылдары «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру және кадр қызметі бөлімінің бастығы, ұйымдастыру-кадр жұмысы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.
2003-2005 жылдары шетелдік ЖОО-да білім алды (Италия, Рим қ.).
2007 - 2010 жылдары Шахтинск қаласы әкімдігінің «Горкомхоз» КМК заңгер, кадрлық-құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2010 жылғы 26 қазаннан бастап «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарады.
Педагогикалық қызметін әр жылдары «Дүниежүзі тарихы», «Қоғамтану», «Адам. Қоғам. Құқық» пәндерінің мұғалімі болып Шахтинск қаласындағы № 6 және 7 жалпы білім беретін мектептерінде атқарды. Қазіргі уақытта Шахтинск қаласындағы № 4 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі болып қызметін қоса атқарады.