Жүнісов Талғат Тоқбайұлы

    Ақмола облысының ветеринария басқармасы басшысы - облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері

    Жүнісов Талғат Тоқбайұлы
    Руководитель управления

    Жүнісов Талғат Тоқбайұлы

    Ақмола облысының ветеринария басқармасы басшысы - облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері

    Өмірбаян

    Көкшетау ауданының Красный Яр ауылында дүниеге келді. 1992 жылы Алматы зооветеринариялық институтын «Ветеринария» мамандығы бойынша аяқтады.

    Еңбек жолын 1985 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы кеңшардың ветеринариялық санитары ретінде бастады.

    1985-1987 жж. - Кеңес Армиясы қатарында қызмет еттi.

    1987-1992 жж. - Алматы зооветеринариялық институтында оқыды.

    1992-1994 жж. – Зеренді ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы кеңшардың бас ветеринариялық дәрігері.

    1994-1998 жж. – Зеренді ауданының «Бірлестік-92» өндірістік кооперативінің ветеринариялық дәрігері, меңгерушісі.

    1998-2003 жж. – «Ағыс» ЖШС меңгерушісі және күзетшісі.

    2004 ж. – Ақмола облысы, Зеренді ауданының Бірлестік ауылдық округының жетекші маманы – мемлекеттік ветеринариялық инспектор, ҚР АШМ Зеренді аудандық аумақтық инспекциясының Бірлестік ауылдық округы мемлекеттік ветеринариялық инспекторының м.а.

    2004-2007 жж. - ҚР АШМ Зеренді аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маманы.

    2007-2011 жж. - ҚР АШМ АӨК МИК Зеренді аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маманы.

    2012-2013 жж. - ҚР АШМ ВБ және ҚК Зеренді аудандық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы – бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың орынбасары.

    2013-2020 ж. шілдесі - ҚР АШМ ВБ және ҚК Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы, тамақ өнімдері және тасымалданатын объектілер қауіпсіздігі бөлімінің басшысы, биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы.

    2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың тамызына дейін - Ақмола облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары — облыстың бас мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерiнiң орынбасары.

    2021 жылдың тамызынан қазiргi уақытқа дейiн - Ақмола облысының ветеринария басқармасының басшысы — Ақмола облысының бас мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерi.

    Марапаттары: «ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы», «І дәрежелі Еңбек даңқы» төс белгілері.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері