Әбілдаев Нұрсұлтан Алтынбекұлы

    Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

    Әбілдаев Нұрсұлтан Алтынбекұлы
    Руководитель отдела

    Әбілдаев Нұрсұлтан Алтынбекұлы

    Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Нұрсұлтан Алтынбекұлы 1986 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген.

    Білімі жоғары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын жеке кәсіпкерлік мекемеде шебер болып бастаған.

    2012-2016 жылдары Қызылорда облысының әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің инспекторы, жетекші маман қызметтерін атқарған.

    2016 жылы Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылдық округінің әкімі;

    2016-2017 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы;

    2017-2018 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы;

    2018-2019 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы;

    2019-2021 жылдары облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары қызмет атқарған.

    2021 жылғы 13 желтоқсаннан бастап Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымын атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері