
Байқоныс Ержан Ділданұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Байқоныс Ержан Ділданұлы- 1980 жылы 1 қарашада Алматы облысында дүниеге келген. 2003 жылы Абылай хан атындағы Қазақ Мемлекеттік Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін филолог мамандығы бойынша бітірген.
Мансап
Е.Д. Байқоныс еңбек жолын 2007 жылдың сәуір айында Алматы қаласы Әуезов ауданының мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының оқу бөлімінің көрсеткіші ретінде бастаған.
Сол жылдың шілде айында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің Бостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманының м.а. лауазымына ауыстырылды.
2007 жылдың қазан айында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің Бостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.
2007 жылдың қараша айында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің Әкімшілік бөлімінің бас маманы болды.
2008 жылы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2011 жылы-Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бас маманы.
2013 жылдың шілде айында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жалпы бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2013 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бас маманы лауазымына ауыстырылды.
2014 жылы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды
2019 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі таңда Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының Түрксіб аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

