
Айтмағамбетов Ризабек Бауыржанұлы
Октябрь ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Айтмағамбетов Ризабек Бауыржанұлы 1985 жылы 24 қаңтарда Павлодар облысы Качир ауданы Качиры ауылында туған, қазақ, білімі жоғары, 2006 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын тарих және география мамандығы бойынша тарих және география мұғалімі біліктілігін алып бітірді.
Ризабек Бауыржанұлы еңбек жолын 2006 жылы бастаған.
2006 жылғы тамыздан бастап 2007 жылғы қарашаға дейін А. Текенов атындағы Качир № 2 ЖББОМ-де тарих мұғалімі.
2007 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
2007 жылғы желтоқсаннан бастап 2009 жылғы сәуірге дейін - Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
2009 жылғы сәуірден бастап 2011 жылғы қаңтарға дейін - «Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы.
2011 жылғы қаңтардан бастап 2013 жылғы шілдеге дейін - «Качир ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі спорт секторының меңгерушісі.
2013 жылғы шілдеден бастап 2013 жылғы қазанға дейін – «Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
2013 жылғы қазаннан бастап 2019 жылғы қарашаға дейін – «Тереңкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2019 жылғы 11 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Октябрь ауылдық округінің әкімі.





