Алдабергенов Арман Язитұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Алдабергенов Арман Язитұлы
    Заместитель акима

    Алдабергенов Арман Язитұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    1986 жылы 10 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008 жыл - Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, 2016 жыл - Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін халықаралық қатынастар саласының маманы техника және технологиялар бакалавры мамандығы тәмәмдаған.

    Алғаш еңбек жолын 2008 жылы Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру , құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы болып бастаған. Одан кейінгі жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, Ақтөбе облысының әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының мемлекеттік -құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, "Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі" ММ жалпы сұрақтар бөлімінің сектор меңгерушісі, "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің басшысы, "Ақтөбе облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ индустриялық-инновациялық даму бөлімінің басшысы, "Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі" ММ басшысының орынбасары, Осы қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық және талдау бөлімінің бас инспекторы лауазымында болды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері