
Сұлтанов Талғат Болатұлы
Алға ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Султанов Талгат Болатович 1973 жылы Ақтөбе облысы,Темір ауданы,Шұбарқұдық ауылында дүниеге келген,білімі жоғары.
1995 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтында еңбекке оқыту және сызу мұғалімін және 2009 жылы «Қайнар» университетінде заңтану мамандығын аяқтаған. Отбасылы 2 бала тәрбиелейді.
Еңбек жолын 1990-1991 жылдары Шұбарқұдық локомотив станциясында депосының слесары болып бастаған.1991-1995 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтының студенті.1996 жылдары «№4 Шұбарқұдық орта мектебі» КММ физика және математика пәнінің мұғалімі болып , 1996-1997 жылдары Шұбарқұдық станциясы локомотив депосының слесары болып,1997-1998 жылдары «Көмек» АҚ слесары болып қызмет атқарған.1999-2000 жылдары «Алға ауданы әкімі аппараты» ММ аға маманы болып,2000-2003 «Алға аудандық әкімдігінің туризм және спорт комитеті» бас маманы,2003 жылдары Алға ауданы әкімі аппаратының «Әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімі» ММ бас маманы болып,2003-2009 жылдары «Черноводск селолық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі болып,2009-2010 жылдары Тамды селолық округінің әкімі болып,2010-2012 «Нұр Отан» ХДП Алға аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып,2012-2013 «Алға қалалық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі болып,2013 жылдары «Алға қалалық округі әкімінің аппараты» ММ әкімнің міндетін атқарушы болып,2014-2017 жылдары «Алға қаласы әкімінің аппараты» ММ әкімі болып,2017-2024 жылдары «Алға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бөлім басшысы болып, 2024 жылдың 21 маусымынан Алға ауданы әкім орынбасары болып тағайындалды.




