
Өмірбаян
Медет Серікбайұлы Шоқанов 1992 жылы Успен ауданында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, 2014 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын «Қаржы»мамандығы бойынша және 2018 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Экономика және бизнес магистрі» мамандығы бойынша, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бизнес және басқару магистрі «Өңірлік даму» бағдарламасы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2011 жылдың шілде айында «ОСТ Алга» ауылдық өндірістік кооперативінің қаржыгері, 2014-2018 жылдары облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы, 2018-2019 жылдары облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының бөлім басшысы болып бастады.
2019 жылдың 2 қазанынан 2020 жылдың 22 сәуіріне дейін «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы болып қызмет атқарды.
2020 жылғы 23 сәуірден 2021 жылғы 28 қаңтарға дейін «Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ басшысының орынбасары болды.
2021 жылғы 01 ақпаннан 2023 жылғы 31 шілдеге дейін Май ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болды.
2023 жылдың 1 тамызынан 2025 жылдың 3 маусымына дейін Успен ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.