
Көшербаев Төлеген Баянбайұлы
Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Толеген Баянбайұлы Көшербаев 1962 жылғы 12 қарашада Қашыр ауданы Береговое ауылында дүниеге келді.
1988 жылы «Зооинжинер» мамандығы бойынша Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген.
2003 жылы «Экономика» мамандығы бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
2012 жылы - «II дәрежелі Еңбек даңқы» төс белгісімен, 2016 жылы- «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Жалпы еңбек өтілі 37 жыл. Мемлекеттік қызмет өтілі 30 жылдан жоғары.
Еңбек жолын 1980 жылы Кашыр ауданының Береговой ауылында бастаған.
1981-1982 жылдары әскер қатарында болды, кейін Береговой ауылына қайта жұмысын жалғастырды.
1988 жылы Кашыр ауданының Береговой ауылында зоотехник болып қызмет атқарды.
1992 жылы Кашыр ауданының Береговой ауылдық округінің әкімшілік басшысы лауазымына тағайындалды.
1996 жылы Кашыр ауданының Береговой ауылының әкімі болып қызметін жалғастырды.
2002 жылы Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және қайта өндеу бөлімінің бас маманы болып кірді.
2008 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және қайта өндеу бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
2013 жылы Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2019 жылы басқарма құрылымының өзгеруіне байланысты, қайта өндеуді және кооперацияны дамыту бөлімін қайта басқарды, осы лауазымда 2022 жылғы 10 маусымға дейін қызметін атқарған.
2022 жылғы 13 маусымда, конкурс нәтижесінің негізінде, Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

