
Жұмабеков Ілияс Сейпылғазыұлы
Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлім басшысы
Өмірбаян
Жұмабеков Ілияс Сейпылғазинович 1992 жылғы 18 мамырда Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты – қазақ.
2015 жылы У.А.Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша аяқтады.
2025 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек қызметін 2012 жылы «Arena S» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде техникалық маман болып бастады.
2014 жылдан 2022 жылға дейін «Gulser Computers» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сату жөніндегі маман және супервайзер лауазымдарында жұмыс істеді, сатуды ұйымдастыру және қызметкерлердің жұмысын бақылау бағытында еңбек етті.
2023 жылдан бастап Талдықорған қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметін жалғастырып, азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде бас маман болып қызмет атқарды.
2024 жылдың сәуір айынан бастап Жетісу облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2025 жылдың қазан айынан бастап Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы.