Арынов Ғибадат Тұрсынұлы

    Аудан маслихатының хатшысы

    Арынов Ғибадат Тұрсынұлы
    Председатель маслихата

    Арынов Ғибадат Тұрсынұлы

    Аудан маслихатының хатшысы

    Өмірбаян

    Май аудандық мәслихатының хатшысы. 1963 жылдың 30 қантарында,Павлодар облысы, Май ауданы, Май совхозында дүниеге келген.
    1988 жылы ұйымдастырушы техник-механик мамандығы бойынша Красноармейка ауыл шаруашылығы техникумын үздік бітірген. Білімі жоғары, 2013 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары »мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1980 жылдан Май совхозына слесарь болып бастады. 1981 жылы Май селосындағы шоферлік мектебін бітіргеннен соң көлік жүргізушісі болып істеген. 1984-1986 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери қызмет атқарған. 1988 жылдан Май ауылында бригадир, бас инженер болып қызмет істеген. 1998-2011 жылдары Май ауданы, Қаратерек селолық округінің әкімі қызметін атқарды.
    Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып,қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін Май ауданының Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығына байланысты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатымен, Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін «10 жыл Астана» медалімен, 2011 жылғы желтоқсанның 5-дегі Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» медалімен марапатталды.
    Үйленген, 4 баласы бар.
    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес 2012 жылғы 15 қантарда өткен сайлау қорытындысы бойынша V-шақырылған Май аудандық мәслихатының № 3 Қаратерек сайлау округінің депутаты болып сайланды.
    V сайланған Май аудандық мәслихатының I-ұйымдастыру сессиясының шешімімен мәслихат хатшысы болып бір ауыздан сайланды
    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес 2016 жылғы 20 наурызда өткен сайлау қорытындысы бойынша VІ-шақырылған Май аудандық мәслихатының № 3 Қаратерек сайлау округінің депутаты болып қайта сайланды.
    VІ сайланған Май аудандық мәслихатының I-ұйымдастыру сессиясының шешімімен мәслихат хатшысы болып бір ауыздан қайта сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері