
Қалиев Ерболат Қасқырбайұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Ерболат Қасқырбайұлы, 1966 жылы туған, қазақ, жоғары білімі бар, 2007 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1986 жылы мемлекеттік емес құрылымдарда бастады.
2003 жылдан бастап 2006 жылға дейін Жаңа-Құрылыс ауылдық округінің әкімі;
2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін Байқоныс ауылдық округінің әкімі;
2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін «Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй қорын ұстауды бақылау жөніндегі секторының меңгерушісі;
2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін Мойылды ауылының әкімі;
2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ақпаратты қамтамасыз ету және қауіпсіздік қызметінің басшысы;
2019 жылдың тамыз айынан бастап 2019 жылдың қарашасына дейін Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы;
2019 жылдың қараша айынан бастап 2020 жылдың наурыз айына дейін «Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй қорын тексеру және мониторингілеу секторының бас маманы болып жұмыс істеді.
2020 жылдың наурыз айында азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Мемлекеттік қызмет өтілі 13 жыл 3 айды құрайды.


