
Әбікен Жеңіс Сартайұлы
Мойылды ауылының әкімі
Өмірбаян
Жеңіс Сартайұлы 1975 жылы туған, қазақ, жоғары білімі бар: 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «тарих пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1997 жылы Екібастұз қаласындағы № 13, кейін № 18 орта мектебінің тарих мұғалімі болып бастады.
2001 жылдан бастап 2004 жылға дейін Ленин кенті № 33 орта мектебінің тарих мұғалімі, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директорының орынбасары болып қызмет етті.
2004 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты жаңа және жаңашыл тарих кафедрасының оқытушысы болып істеді.
2004 жылдан бастап 2009 жылға дейін Ленин кенті № 33 орта мектебінің тарих мұғалімі, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директорының орынбасары болды.
2009 жылдан бастап 2018 жылға дейін Ленин кентінің әкімі болып қызмет атқарды.
2017 жылдан 2020 жылға дейін Қызылжар ауылдық округінің әкімі болып болып қызмет атқарды.
2020 жылдың 18 тамызынан бастап Мойылды ауылының әкімі.
Мемлекеттік қызмет өтілі 11 жыл.


