
Тулепбергенов Серик Сагиевич
Ескелді ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1976 жылы 16 маусымда Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Талдықорған қаласының заң техникумын бітірген. 1996-2000 жылдары Жетісу экономикалық институтын Бухгалтерлік есеп және аудит факультетінде экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданында су арнасының жүргізушісі болып бастаған. 2003 жылы "Какаманов и К" шаруа қожалығының экономисі болды. 2004 жылы Қарабұлақ ауылындағы Ескелді ауданының қазынашылық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2006 жылы Ескелді ауданының кәсіпкерлік бөліміне жетекші маман болып ауыстырылды. 2007-2016 жылдары Ескелді ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді. 2016 жылғы 09 Қарашада Ескелді ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы болып тағайындалды. 2022 жылғы 05 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін Ескелді ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.




