
Апакашева Айнур Кабдрашкызы
«Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
Апақашева Айнұр Қабдырашқызы 1981 жылғы 20 қаңтарда Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Арқалық ауылындағы орта мектепті бітірген. 2002 жылы маркетинг және коммерция мамандығы бойынша Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген.
25.06.2003ж. бастап 01.12.2003ж. дейінгі аралықта «ҚР БҒМ Фитохимия институты» РМҚК экономист-маркетолог болып жұмыс істеген.
02.12.2003ж. - 15.01.2004ж. аралығында «Қарағанды фармацевтика зауыты» ЖШС экономисі болып жұмыс істейді.
19.01.2004ж. бастап 27.04.2004ж. дейін – «Қарағанды қаласы әкімінің қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік аппаратты және құқық қорғау органдарын қаржыландыру бөлімінің бас маманының м. а.
27.04.2004ж. бастап 22.06.2004ж. дейін – «Қарағанды қаласы әкімінің қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік аппаратты және құқық қорғау органдарын қаржыландыру бөлімінің бас маманы.
22.06.2004ж. - 03.03.2005ж. – «Қарағанды қаласы әкімінің қаржы бөлімі» ММ бюджет бөлімінің бас маманы.
03.03.2005ж. - 22.02.2008ж. – «Қарағанды қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ шығындарды салалық жоспарлау бөлімінің бас маманы.
22.02.2008ж. - 08.04.2008ж. аралығында – «Қарағанды қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ шығындарды салалық жоспарлау секторының бас маманы.
08.04.2008ж. - 01.06.2010ж. аралығында – «Қарағанды қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ шығындарды салалық жоспарлау секторының меңгерушісі.
2010 жылдан 2013 жылға дейін «Қарағанды қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бастығының орынбасары болып тағайындалған.
2013 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін – «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы.
