
Үйсімбаев Асқар Қайратұлы
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының прокуроры
Өмірбаян
А.Қ.Үйсімбаев еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Абай ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.
Саран қаласы прокурорының көмекшісі, Қарағанды облысы прокуратурасының Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, Қарағанды облысы прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасының жедел-іздестіру қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау тобында Қарағанды облысы прокурорының аға көмекшісі болып жұмыс істеді.
2018 жылдан бастап Қарағанды облысы прокуратурасының Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы қызметін атқарды.
Прокуратура органдарында 22 жылдан астам еңбек өтілі бар.





