Мәдімәр Мұратбек

    Бас консул

    Мәдімәр Мұратбек
    Консул

    Мәдімәр Мұратбек

    Бас консул

    Өмірбаян

    1975 жылы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жамбыл облысында туған.

    Білімі жоғары: 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Саясаттану институтының аспирантурасын, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының арнайы курстарын бітірген.

    Неміс, ағылшын тілдерін меңгерген.

    Бірінші сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

    Үш баласы бар.

    Дипломатиялық қызметте 2002 жылдан.

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында және шетелде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік департаментінде, Азия және Африка елдері департаментінде, Орталық Азия елдері департаментінде, Консулдық қызмет департаментінде жұмыс істеген.

    Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігінде, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінде, Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінде, Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінде (Швейцария Конфедерациясы), Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығында (Германия Федеративтік Республикасы), Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің Бонн қаласындағы Бөлімшесінде қызмет атқарған.

    2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасының Брест қаласындағы Бас консулы, Беларусь Республикасы.

    Марапаттар – Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталары, алғыс хаттар мен мерейтойлық медальдар.